Көкшетау және Шымкент қалаларының әуежайларында жанармайдың болмауына байланысты Петропавловск - Алматы әуе рейсі 1 тамыздан бастап тоқтатылды
Петропавловск. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетау және Шымкент қалаларының әуежайларында жанармайдың болмауына байланысты Петропавловск - Алматы әуе рейсі 1 тамыздан бастап тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Петропавловск қалалық халықаралық әуежайы" АҚ президенті Руслан Бейсенов хабарлады. |
Оның айтуынша, жанармай табыла салысымен Петропавловск қаласының халықаралық әуежайынан Алматыға әуе рейстері жылдам қалпына келтірілетін болады.
"Петропавловск - Алматы рейстерін атқарған әуе тасымалдаушылары ұшуларды көңілге қонымды деп есептейді. Рейстер жанармайдың пайда болуына байланысты қалпына келтіріледі. Ешбір тасымалдаушы бұл бағыт бойынша ұшудан бас тартқан емес", - деп түсіндірді Р. Бейсенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін