Көкшетауда бес жасар баланы аш күйінде байлауда ұстаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда бес жасар баланы аш күйінде байлауда ұстаған

Көкшетауда бес жасар баланы аш күйінде байлауда ұстаған

Көкшетауда отбасы 5 жасар баланы аш күйінде байлап ұстаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  • 18 Қараша 2022
  • 54
Фото - Caravan.kz

Көкшетау қалалық полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 2017 жылғы баласын байлап, аш қалдыратын туысының үстінен шағым түсірген.

Тексеру барысында 37 жастағы Көкшетау тұрғынының бірінші некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол екінші әйелімен тұрады.

Учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері аталған мекен-жайға барып, баланың расымен әлсіреп кеткенін көрген. Ата-анасы баланың денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген.

Бұл отбасына педиатр жіберілді, тексеруден кейін бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.


"Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық органына сот-медициналық сараптама жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жолдады. Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр. Балаға сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.