Көкшетауда бір жыл бұрын қайтыс болған жігіттің сүйегі көрден қазып алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда бір жыл бұрын қайтыс болған жігіттің сүйегі көрден қазып алынды

Көкшетауда бір жыл бұрын қайтыс болған жігіттің сүйегі көрден қазып алынды

Көкшетауда былтыр қайтыс болған Александр Сиухинге қатысты эксгумация жасалды. Яғни 1994 жылы туылған марқұмның сүйегі қайта сараптамадан өткізу үшін көрден қазып алынды.

  • 1 Қараша 2017
  • 16501
Фото - Caravan.kz

Негізі, алғашқы сот-сараптамасына сәйкес, оны өлтіріп кеткен. Ал «кісі өлімі» бабы бойынша қозғалған іс созбалаңға салынып кеткен, деп хабарлайды «Көкшетау Азия» агенттігі. Александрдың ата-анасының оны біреулер өлтіргенін дәлелдеу үшін құқық қорғау орындарының табалдырығын тоздырып жүргеніне бір жылдан асқан. Тергеушілер осы уақыт бойы оны жазатайым жағдайда, яғни құлап қалып өлді деген бапқа ауыстыруға тырысумен келіпті. Александр Суихин былтыр 12 қыркүйекте төрт танысымен бергі солардың бірінің пәтерінде болған.

Үйдің кіре берісіндегі камераға марқұмның қасында соңғы сәтте кімдердің болғаны толық түсіп қалған. Бұған қоса Александар Сиухиннің қасындағы жігіттердің бірімен кикілжіңге келіп қалғаны да жазылып қалған. Соңынан олар пәтерге қайта кіріп кетеді. Бірақ ол жерден Александр қайтып тірі шықпайды. Бұл жазбаны тергеу орындары ата-анасына тек бес ай өткен соң барып көрсетіпті


Құжаттармен танысқан сарапшыларды сот-дәрігерлік сараптамасының қорытындысы күмән туғызған көрінеді. Өйткені онда мәйіттен тіл асты сүйегінің алынуы жайлы ештеңе жазылмаған. Ал айғақ заттар жайлы көрсеткен тергеуші тіласты сүйегінің алынғаны жайлы жазып қалдырған. Осындай қарама-қайшылықтарды жою үшін мәйтті қайта қазып алып тексеру және оны ең алғаш тексерген сот-дәрігерлік сарапшысы Еркебұлан Мұқановтан жауап алу туралы шешім шығарылған.

Соңғы жаңалықтар