Есі шыққан әйел тиісті орындарға хабарлаған. Бірден 50 шақты адам сыртқа шығарылып, құтқарушылар бірнеше сағат бойы «жарылғыш затты» іздеп таппады. Ал жалған ақпаратты 61-ге келген апталдай азамат әрі Ақмола облыстық экология департаментінің бөлім бастығы таратқаны анықталды. Қанат Мырзахметов бұл қылығын «көршім сөздерімді қақас естіген,»-деп түсіндіруде. Ол үйлеріне жарылғыш зат қойылды емес, жарық берілді ма,-деп сұраған көрінеді. Десе де 38 жыл еңбек еткен азамат бүгіннен бастап қызметінен қуылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер лаңкестік әрекет жайлы жалған ақпарат таратқаны дәлелденсе 14 млн-дай теңге айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Қанат Мырзахметов, Ақмола облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
-Мен хабарластым ,жарылғыш емес, жарық бар ма дедім?
— Басқа маған түкте керегі жоқ.
-Бомба деген әңгіме болған жоқ па?
-Жоқ болған жоқ.Ол нашар естиді.