Жарияланды: 240

Көкшетауда Мағжан Жұмабаевтан қалған қасқыр ішік табылды

Көкшетауда Мағжан Жұмабаевтан қалған қасқыр ішік табылды! Тұлыпты ақынның 83 жастағы туысы Бәтима Аяғанова көзінің қарашығындай сақтап келген.

Жоны қара қылшықтанған, түгі мен түбіті сол қалпы сақталған қасқыр ішік шұға шүберекпен қапталған. 7 қасқырдың терісінен тігілген тонды Бәтимә әжейдің әкесі Әшірбекке Мағжан Жұмабаевтың өзі сыйлаған екен. Ал осы уақытқа дейін тұлыпты кейуана төрт құлақты сандықта сақтапты. Салмағы ауыр тонды күннің көзіне жайып алғаным болмаса, ешкімге көрсетпедім дейді ол. Енді бағалы киімді қастерлеп ұстайтын мұражай табылса, өткізуге даяр.

Бәтима Аяғанова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-1934 жылы Мағжан Жұмабаев Санкт-Петербордан 7 қасқыр әкеліп әкеме сыйлаған. Олар өздері бажа болған. Мен үшін өте қымбат, әкемнің көзі, Мағжанның сөзі. Мағжан қандай кісі екенін өздерің білесіңдер. Осы үйде тең нәрсе жоқ осыған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін