Көкшетауда мас күйінде жүгенсіздікке барған ресейлік актер Панин айыппұлмен құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда мас күйінде жүгенсіздікке барған ресейлік актер Панин айыппұлмен құтылды

Көкшетауда мас күйінде жүгенсіздікке барған ресейлік актер Панин айыппұлмен құтылды

Ресейлік актер Алексей Панин Көкшетауда әкімшілік жауапкершілікке тартылд

  • 24 Ақпан 2014
  • 658
Фото - Caravan.kz

А.Панинге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 336-бабы (ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Онда екі АЕК мөлшерде айыппұл қаралған, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қала прокуроры Ержан Бөлегенов мәлімдеді.

«Менің білуімше, оны полиция өзі жазалаған, іс сотқа бармады. Бірақ қалай жазалағанын білмеймін», — дейді прокурор.

20 ақпан күні Көкшетаудағы облыстық филармонияда сахналық қойылым алдында А.Панин шымылдық артында шу шығарып, гастроль ұйымдастырушылар мен филармония қызметкерлерін балағаттаған.


Соның салдарынан қойылым өтпей, ұйымдастырушылар көрермендерге билеттің ақшасын қайтарып берді. Онда келіп жеткен полицейлер А.Панинге қатысты қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін әкімшілік хаттама толтырды.