Көкшетауда қоғамдық көліктегі жолақысы қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда қоғамдық көліктегі жолақысы қымбаттайды

Көкшетауда қоғамдық көліктегі жолақысы қымбаттайды

Көкшетау. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда қоғамдық көліктегі жолақысы 27 шілдеден бастап 5 теңгеге қымбаттап, 35 теңгені құрайтын болады. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Көкшетау әкімдігінен хабарлады.

  • 23 Шiлде 2008
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бірақ 14 жасқа дейінгі балалар үшін жолақысы бұрынғы 15 теңге деңгейінде қалады. Қаладағы тасымалдаушылар қабылдаған шешімге сәйкес, Көкшетау қаласындағы барлық бағыттарда автобустармен тегін жүру құқығына Ұлы отан соғысының ардагерлері, фашистік лагерь тұтқындары, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, интернационалист- мүгедектер, «Халық каһарманы» атағы барлар, көзі көрмейтін 1-ші топтағы мүгедектер, Чернобыль АЭС апатын жоюшылар, Ұлы отан соғысының құрбандарының жесірлері, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» және КСРО батыры атағы бар адамдар ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті