Жарияланды: 20

Көкшетауда тұрғын үйде газ баллоны жарылды (ФОТО)

Көкшетауда тұрғын үйде газ баллоны жарылды (ФОТО)

Оқиға салдарынан екі әйел жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, үш пәтерге зақым келген.

Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды.
Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер бар деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Көктем шағын ауданында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, пәтер иелері орталық газ болмаған кезде баллонды пайдаланған. Ал орталық газды қосқанда жарылыс болған. Оқиға салдарынан екі әйел жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, үш пәтерге зақым келген.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті болған жағдайды растады.

12 қазанда сағат 19.05-те Көктем шағын ауданы, 5А мекенжайы бойынша 25-пәтерде газ жарылды. Соның салдарынан 24-ші және 14-ші пәтерге зақым келді. Төтенше жағдай кезінде екі әйелді күйік шалды. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді, - дейді құтқарушылар.

Өрт сөндірушілер газ баллонының неден жарылғанын анықтауға кірісті.

Айта кетері, Көкшетауда ондаған пәтерде бір апта бойы орталық газ болмаған. Оларға "Газ Қызмет" қызмет көрсетеді. 12 қазанда компания газ реттеу қондырғыларын сұйылтылған газбен толтыра бастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін