Көкшетауда түрме-мекеннен екі сотталған қашып кетті
Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы ЕЦ-166/24 түрме-мекеннен екі сотталған қашып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі Ғалымжан Хасеновқа сілтеме жасап. |
"Төтенше оқиға 17 тамызда болған. Жүріп-тұру еркіндігіне ие екі сотталған күнделікті тұтыным тауарларын әкелу үшін дүкенге кеткен күйінде мекемеге қайта оралмаған", - деді Ғ. Хасенов.
Оның айтуынша, қашып кеткен екі тұтқын да бұрын бірнеше мәрте сотталғандар. Олардың біреуі - мамырда, екіншісі - келесі жылдың қараша айында бостандыққа шығуға тіис болған.
Қазір оларды іздестіріп табуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін