Көкшетауда үндістандық 150 студент білім алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда үндістандық 150 студент білім алады

Көкшетауда үндістандық 150 студент білім алады

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде жаңа оқу жылында ашылған медицина факультетінде Үндістан мемлекетінен 150 студент білім алатын болады.

  • 9 Қыркүйек 2018
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Бұл күнде білім ордасындағы жаңадан ашылған медицина факультетінде клиникалық пәндер және морфология, физиология мен жалпы патология сияқты екі кафедра жұмыс істейді.

«Соңғы бірнеше жылдар бойы облыста дəрігер мамандардың тапшылығы сезіліп келеді. Жаңа бөлімге 172 студент қабылданды. 61 студент келсімшарт бойынша үш жыл облыс аумағында еңбек ететін болады. 79 студент ақылы негізде білім алуда. 11 студент Бұланды, Зеренді, Біржан сал, Астрахан, Сандықтау аудандарының жергілікті бюджеті негізінде оқуда. 6 студент ҚР Білім және ғыылым министрлігінің гранты бойынша қабылданды. Сондай-ақ, аталмыш оқу орнына шет елдерден де оқуға өтініштер түскен болатын. Атап айтатын болсақ, қазан айында Үндістан мемлекетінен 150 студент келеді деп күтілуде. Университетке оқуға келетін шет ел азаматтары үшін қажетті барлық жағдай жасалып та қойылды»,-дейді университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Айгүл Жақыпова.

Өз жұмысын енді ғана бастаған факультетке медицина ғылымдарының докторы Светлана Мұратбекова басшылық етуде. Факультетте жоғары санаттағы білікті мамандар жұмыс істейді.

Бұл күндері медициналық факультет ұжымы облыстық және қалалық емхана, клиникалармен, сондай-ақ Ресейдің 6 жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып үлгерген. Болашақта өзге де елдердің медициналық клиникаларымен байланыс орнатып, олармен тәжірибе алмасу ісі де жоспарланып отыр.

«Білім мен тәжірибені ұштастыру мақсатында студенттер елді мекендерге шығып, ондағы дәрігерлердің жұмысымен танысатын болады. Осы орайда облыс орталығының барлық ауруханалары әріптестік байланыс орнатуға әзір»,-дейді проректор Айгүл Жақыпова.


Университеттің бас оқу ғимаратында орналасқан факультет заман талабына сай жабдықталған аудиториялар, оқу зертханаларымен толық қамтылған. 7 млн теңгеге компьютерлік аппараттар алынды. ІТ технология арқылы студенттервиртуалды байланысқа шығып, науқастарға диагноз қойып, ұсыным жазады. Студенттердің жұмысын компьютер бағалайтын болады.

«Университетте медицина бакалавры академиялық дəрежесін алу үшін 5 жыл білім алу қарастырылған. Оқуын тəмамдайтын студенттерге дəрігер біліктілігі негізгі мамандықтар бойынша 5 жыл, оған қоса тағы 2 жыл интернатурада оқыған кезде ғана беріледі. Интернатурадан өтпеген түлек клиникалық тəжірибеге жіберілмейді. Негізгі мамандық бойынша оқыған жəне интернатурадан өткен түлектер ғана дəрігер болып жұмыс істей алады. ЖОО-да терапевт, хирург, педиатр, акушер мамандықтары бойынша жалпы тəжірибедегі дəрігерлер даярланады. Оқыту процесі 3 тілде жүргізіледі»,- дейді факультет деканы Светлана Мұратбекова.

Бүгінгі күні облыстың медицина мекемелеріне 150-ден астам дәрігер жетіспейді. Аталған факультет осы олқылықтың орнын толтыру үшін арнайы ашылып отыр. Келер жылы факультетке жеке ғимарат берілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар