Көкшетауда ұшты-күйлі жоғалған келіншекке іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда  ұшты-күйлі жоғалған келіншекке  іздеу жарияланды

Көкшетауда ұшты-күйлі жоғалған келіншекке іздеу жарияланды

Ал Ақмола облысында бір аптадан бері 2 баланың анасы табылмай жатыр. Ирина Мощечкова жасанды жүрекпен өмір сүретін 3 жасар сәбиіне операция жасату үшін құжат жинап, Көкшетауға кеткен екен. Содан қайтып оралмаған. 

  • 1 Наурыз 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz

Жүрегіндегі ақаумен туған кішкентай Викаға 3 жылда екі операция жасалыпты. Қос камералы жасанды жүрекпен өмір сүріп жатқан қызға тағы да ота қажет болған. Оны Ресейдің Томскі қаласында жасауды жоспарлаған. Қайырымдылық қорлары арқылы қажетті қаржыны тауып, құжаттарын  реттеп, жәрдемақы алу үшін Ирина Мощечкова Көкшетауға, кейін Макинскі қаласына кетіп, содан қайтып оралмаған. Полиция да іздестіріп жатыр.


Ольга Самойленко, И.Мощечкованың анасы:

-Қаншама құжат жинап, осы сапарға алдын-ала дайындалды. Бала десе жанын беретін. Мүмкін көрген білген біреулер бар шығар, мына бүлдіршіндерді енді не істеймін, әкелері де тастап кеткен.Викаға жылауға болмайды. Бірақ,  анасын іздеп күнде егіледі.