Жарияланды: 540

Көкшетауда «ВАЗ-21061» көлігі 36 жастағы әйелді қағып кетті

Көкшетауда «ВАЗ-21061» көлігі 36 жастағы әйелді қағып кетті

Көкшетауда 36 жастағы әйел «ВАЗ-21061» көлігінің астына түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 19 қараша күні облыс орталығындағы Абай көшесінің бойында орын алған.

«Жолдың рұқсат етілмеген жерінен қиып өтпек болған 36 жастағы әйелді «ВАЗ-21061» көлігі қағып кеткен.

Осының салдарынан әйелдің он жақ жамбас сүйегі сынып, ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде,  аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеріс жүргізілуде. Әзірге, 31 жастағы көлік жүргізушісі оқиға кезінде сау болғаны анықталып отыр», - дейді полицейлер.

Еске сала кетсек, Ақмола облысы бойынша  соңғы бір тәуліктің ішінде барлығы 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 1 адам көз жұмып,  3 адам жапа шегіп отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін