Жарияланды: 560

Көкшетаудағы вокзал маңындағы өзен қамысынан жаңа туылған нәресте табылды

Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы теміржол вокзалының жанында ағып өтетін Чиглинка өзенінің маңынан жаңа туылған нәресте табылды, деп облыстық ІІД-нен хабарлады.

«Нәресте қамыстардың арасында жатты»,- дейді куәлар. Олар жедел жәрдемді шақыртып, нәрестені перзентханаға апарыпты. Облыстық перинатальдық орталықтағы дереккөздің мәліметтерінше, нәрестенің денсаулығы жақсы, салмағы 3,5 кг екен. «Қазір көкек-ананы іздестіру жүргізілуде», - деді облыстық ІІД мамандары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін