Жолаушылар тасымалын «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ғы 50 жолаушыға арналған CRJ 200 әуе кемесі арқылы жүзеге асырады.
Аталған ұшақ Ақтау әуежайынан күндізгі 12:30-да ұшып шықса, Көкшетауға 15:00-де келіп қонады. Ал Көкшетау әуежайынан 15:40-та кейін қайтып, Ақтау қаласына 17:10-да ұшып жетеді (әр әуежай үшін жергілікті уақыт белгіленген).
Сондай-ақ, Атырау әуежайынан күндізгі 12:00-де ұшып шықса, Көкшетауға 14:10-да келіп қонады. Ал Көкшетау әуежайынан 15:00-де кейін қайтып, Атырау қаласына сағат 17:10-де ұшып жетеді.
Атырау-Көкшетау-Атырау — аптасына екі рет сейсенбі мен сенбі сайын ұшатын жаңа әуе бағыты. Екі бағыттарда бір жақты әуебилеттердің бағасы 25 000 теңге құрайды. Жолаушыларға әрі қарай Ақтау мен Атырау аэропорттары арқылы Көкшетауға/дан Солтүстік Кавказ өңіріне, Ресейдің Оңтүстігіне, Түркия мен басқа жерлерге ұшуына мүмкіндік беру уақытымен тағайындалды.
Қазіргі кезде, Көкшетау қаласының халықаралық аэропортынан 4, соның ішінде 1 рейсі халықаралық Мәскеу (Внуково) -Көкшетау- Мәскеу (Внуково) әуе рейсі жасалады. Алматы — Көкшетау — Алматы бағыттары бойынша 3 әуерейстер (аптасына 2 рет) Ақтау — Көкшетау — Ақтау және Атырау — Көкшетау — Атырау (аптасына 2 рет).
Еске сала кетсек, 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Көкшетау әуежайы ААХҰ-ның (азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (International Civil Aviation Organization) 1-дәрежедегі халықаралық талаптарына сай әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алады.