Көкшетаулық кәсіпкер жалған сөйлейтіндерді әшкерелейтін фирма ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетаулық кәсіпкер жалған сөйлейтіндерді әшкерелейтін фирма ашты

Көкшетаулық кәсіпкер жалған сөйлейтіндерді әшкерелейтін фирма ашты

Көкшетаулық Дәулет Құдайбергенов есімді кәсіпкер енді өтірік айтатындардың сөзінің жалғандығын бірден әшкерелей алады.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz

Ол өткен жылдың соңында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттің қайтарымсыз 3 миллион теңгенің грантын жеңіп алған.

Биыл кәсіпкер жаңа бір істің көзін ашты. Ол Ресейден 2,3 миллион теңгеге арнайы жалғандық детекторын алдыртты. Мәскеуге барып, полиграфология академиясында осы салада білімін жетілдіріп келді. Сондай-ақ, Көкшетаудағы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша арнайы курстан да өтті.

Қазір Дәулеттің детекторының қызметіне сұраныс жоғары. Оның бизнесі алғашқы күннен-ақ табысты бола бастады. Құны 30 мың теңге болатын қызмет көмегіне негізінен түрлі мекеме басшылары мен жеке тұлғалар жүгінуде.

«Детектор адамның жауап беру кезіндегі жүрек қағысы мен тыныс алуын тіркеп отырады. Содан кейін оператордың көмегімен сараптама жасалып, соңғы шешім шығарылады. Сондықтан, детекторды алдау өте қиын. Бұл ақиқатқа көз жеткіземін деушілер үшін таптырмас құрал», — дейді Дәулет Құдайбергенов. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта шағын бизнесін кеңейтпек ойы барын да жеткізді.