Көктайғақ салдарынан республикалық жолдардың учаскелері жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көктайғақ салдарынан республикалық жолдардың учаскелері жабылды

Көктайғақ салдарынан республикалық жолдардың учаскелері жабылды

 Көктайғақ салдарынан еліміздің аумағындағы бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді.

  • 9 Ақпан 2015
  • 282
Фото - Caravan.kz

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, «Екатеринбор-Алматы» жолының 1492-2005 шақырымындағы Қарағанды мен Жамбыл облысы шекарасы аралығында көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Бұдан бөлек, «Қызылорда-Павлодар» жолының 433-905 шақырымындағы  Жезқазған мен Топар учаскесінде жүк және қоғамдық көліктерге жолға шығуға тыйым салынды.

Мұнымен қоса, көктайғақ пен жаңбырға байланысты «Қызылорда-Павлодар» жолының 970-1135 шақырымындағы Қарағанды мен Павлодар облысы шекарасы аумағында да жүк және қоғамдық көліктерге қозғалыс шектелді.


Бұдан бұрын хабарланғандай, боран салдарынан Ақмола облысы және СҚО аумағындағы жолдар жабылған болатын.