«Көкжалдар мекені» телехикаясының актері көлік апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көкжалдар мекені» телехикаясының актері көлік апатына ұшырады

«Көкжалдар мекені» телехикаясының актері көлік апатына ұшырады

«Көкжалдар мекені» телехикасында Полат Алемдар рөлін сомдайтын Түркияның белгілі актері Неджати Шашмаз көлік апатына ұшырады, деп жазады 24.kz.

  • 3 Қараша 2014
  • 522
Фото - Caravan.kz

Қолдағы ақпаратқа сүйенсек, бүгін түнде ол телехикая түсірілімдерінде өзі жүргізген автокөлікті бақылаудан шығарып алып, жарақат алған.  Түсірілім жүріп жатқан Ыстамбұлдың Гөзтепе ауданындағы ең жақын орналасқан ауруханаға жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, атақты актердің жағы сынғаны анықталды.

Неджати Шашмазды шұғыл түрде операция жасауға алып кеткен сәтте түсірілім алаңындағы әріптестері оны аурухана бағында күтті. Неджатидің операциядан кейінгі жағдайының қалыпқа түскені жайлы аурухана әкімшілігі  ертең мәлімдемек.