Жарияланды: 410

Көлік және коммуникация министрлігі кемелерді тексеру жайлы прокуратура органдарында міндетті тіркеу ережесін алып тастау қажет деген пікірде

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті кемелерді тексеру жайлы прокуратура органдарында міндетті тіркеу ережесін алып тастау қажет деген пікірде. Бұл туралы ККМ КБК төрағасының орынбасары Хакімжан Жаңбырбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Заңнамаға сәйкес, біз кемелерді тексеру жайлы мәліметтерді Бас прокуратураның жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталында міндетті түрде тіркеуден өткіземіз. Бұл төрешілдікті арттырып, тексерулердің тиімділігін күрт төмендетеді, тиісінше, судағы қауіпсіздік деңгейі де төмендейді", -деді ол. "Бұл тексерулер кәсіпкерлердің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруге емес, кемелерді пайдалану қауіпсіздігін тексеруге, яғни, кеме құжаттырының болуы мен олардың мерзімінің сақталуына, кеменің техникалық ахуалы мен оны жүргізу құқығына берілген құжаттар, дипломдар мен куәліктердің болуы мен мерзімін тексеруге бағытталғандықтан, комитет осындай тексерулерді міндетті түрде тіркеу ережесін алып тастау жөнінде өзгеріс енгізуді жоспарлауда", - деді Х.Жаңбырбаев. Жалпы көліктік бақылау комитетінің су көлігіндегі бақылау саласы бойынша үстіміздегі жылы 8 айында ереже бұзушылықты жою жөнінде 89 ескертпе құжат тапсырылды, 214 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 215 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бюджетке 681 299 теңге айыппұл түсірілді. Кеме жүретін су жолдарының және навигациялық құрылғылардың жай-күйін бақылау мақсатында 8169 км су жолдары тексерілді, тексеріс бойынша 7 республикалық мемлекеттік қазыналық су көлігі кәсіпорындарына ескертпе құжат тапсырылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть