Көлік және коммуникация министрлігі көлікке қатысты оқыс оқиғалардың санын 8%-ға және жол апаттары кезіндегі өлім көрсеткіші деңгейін 10%-ға азайтуды жоспарлап отыр
Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Көлік және коммуникация министрлігі көлікке қатысты оқыс оқиғалардың санын 8%-ға және жол апаттары кезіндегі өлім көрсеткіші деңгейін 10%-ға азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде бүгін Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық Департаментінің директоры Салтанат Рахымбекова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.