Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде автожолдар салу жобаларының тұсаукесерлерін Еуропа мен Азияның негізгі бизнес-алаңдарында өткізбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде автожолдар салу жобаларының тұсаукесерлерін Еуропа мен Азияның негізгі бизнес-алаңдарында өткізбекші

Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде автожолдар салу жобаларының тұсаукесерлерін Еуропа мен Азияның негізгі бизнес-алаңдарында өткізбекші

Астана. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде автожолдар салу жобаларының тұсаукесерлерін Еуропа мен Азияның негізгі бизнес-алаңдарында өткізбекші. Бұл туралы бүгін ҚР үкіметінің отырысында еліміздің автомобиль жолдарының жай-күйі және даму перспективасы жөнінде баяндама жасаған Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Шiлде 2008
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде автожолдар салу жобаларының тұсаукесерлерін үш ай бойы Еуропа мен Азияның негізгі бизнес-алаңдарында өткізбекші. Қазір келешек инвесторлармен күн сайын дерлік кездесулер өткізілуде. Олар бұл жобаларға қызығушылық танытып, жүзеге асыруға атсалысуға ниет білдіруде», — деді С. Ахметов.

Сонымен бірге, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілердің топтамасын жасау жұмыстарын жүргізуде, олар екі айдың ішінде қабылдануға тиіс. «Бұл ағымдағы жылдың қазан айында автожол дар саласында концессиялық жобаларға байқаулар жариялауға және 2009 жылдан бастап Астана — Қарағанды, Алматы — Қапшағай, Алматы — Қорғас және Ташкент — Шымкент — Жамбыл облысының шекарасы бағытындағы жоларды реконстукциялауды бастауға, сондай-ақ, Алматы Үлкен айналма жолын тарта бастауға мүмкіндік береді», -деді министр.

«Концессияға берілетін автожолдардың жалпы ұзындығы 540 млрд теңгенің 911 шақырымдық жолын құрайды», — деді С. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті