Көлік жүргізушісі түсініп қойды: Жеткіншек қыз желіде тараған ишараның көмегімен зорлаушыдан құтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік жүргізушісі түсініп қойды: Жеткіншек қыз желіде тараған ишараның көмегімен зорлаушыдан құтылды

Көлік жүргізушісі түсініп қойды: Жеткіншек қыз желіде тараған ишараның көмегімен зорлаушыдан құтылды


Жоғалып кеткен 16 жастағы америкалық қыз көшедегі көлік жүргізушісіне TikTok сайтында бұрын көрген ишарақимылын көрсетіп, зорлаушыдан қашып құтылды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 7 Қараша 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz


Зорлықтының көлігімен қатар келе жатқан ер адам жолаушы қыздың оған көрсеткен қимылынан көмек сұрағанын байқайды. Қыз бала тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе басқа мәселелер кезіндегі көмек сұрау ым-ишарасын көрсетеді. Ол оған көрсетіп, бас бармағын қысып, кейін саусақтарымен жабады.

Ер адам бірден полицияға хабарласқан. Анықталғандай, тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, дәл тас жолда 61 жастағы ер адамды ұстады. Артқы орындықта ол кәмелетке толмаған қызды отырғызып қойған. Оның телефонынан сексуалдық сипаттағы суреттері табылды. Жәбірленуші қыз ұрлаушымен бірге бірқатар штаттарды жүріп өткенін айтты.