Көлікті ағаш түбіне қалдырмаңыздар! ТЖД алматылықтарға үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлікті ағаш түбіне қалдырмаңыздар! ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

Көлікті ағаш түбіне қалдырмаңыздар! ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

Көліктерді қауіпсіз жерге қоюға кеңе берді. 

  • 10 Қаңтар 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz


Алматыда 10 қаңтарда таңертең және түстен кейін қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына, автокөлік иелеріне ескерту жасады.

"Азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты: теледидарды, радионы назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астына көліктерін қоймауға кеңес береміз. Қауіпсіз орын табыңыз, арнайы тұрақ орындары болса тіптен жақсы", — делінеді хабарламада.