Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері 4 мың теңге пара аламын деп төрт жылға сотталды
Павлодардың №2 соты өңіраралық көліктік бақылау инспекцияларының бірінің жетекші маманына қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен. |
Анықталғандай, ағымдағы жылдың маусым айында сотталушы ірі габаритті және ауыр салмақты көліктің өтуіне арнайы рұқсатнама бергені үшін 4 мың теңге сомасында пара алған.
Инспекция қызметкері ҚР ҚК-нің 311-бабы, 1-бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Онымен бірге, ол 3 жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызметтегі кез келген жұмысты атқару құқығынан айырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін