Жарияланды: 250

Көліктің төбесіне мініп құстай ұшқандар ұсталды

Жолаушысын төбесіне шығарған! Алматыда 3 бірдей жігітті машинасының үстіне мінгізген жүргізуші жазаға кесілді. Көлікпен көңіл көтермек болғандарға 10 мың теңге айыппұл салынды.

Тауда серуен құрған жастар күннің ыстығында көліктің төбесіне мініп алған. Осылай салқындамақ болған оларды полицейлер іздеп тауып жазаға кесті. Жолаушыларды тасымалдау ережесін өрескел бұзған жүргізушіге айыппұл салынып қана қоймай, қауіпті қылығын қайталаған жағдайда куәліксіз қалатындығы да ескертілді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін