Колледж оқытушысы полиция қызметкеріне қол көтеріп, погонын жұлып тастады - ОҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Колледж оқытушысы полиция қызметкеріне қол көтеріп, погонын жұлып тастады - ОҚО

Колледж оқытушысы полиция қызметкеріне қол көтеріп, погонын жұлып тастады - ОҚО

 Оңтүстік Қазақстан облысында колледж оқытушысы полиция қызметкеріне шабуыл жасады

  • 10 Желтоқсан 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz


деп айыпталуда. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің сайтында мәлімделді.
ІІД мәліметіне сәйкес, Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінің аға учаскелік қызметкері, полиция майоры Шұбарсу ауылында қызмет атқару кезінде көше қиылыстарының бірінде ерегісіп тұрған бір топ жігітті байқап қалады. Анық болғандай, Кикілжіңге «Опель-Вектра» көлігін жүргізген 37 жастағы адам көше қиылысында тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып кете жаздағаны себеп болған.
Учаскелік инспектор жүргізушіні тәртіпке шақырған кезде ол тәртіп сақшысына жұдырық ала жүгірген, иығынан погонын жұлып алып, жағасынан алып бетіне бірнеше рет ұрған.
Мас жүргізуші ұсталып, уақытша оқшаулағышқа жеткізілген. Ол Ордабасы ауданындағы колледждердің бірінде оқытушы екені анықталған.
«Билік өкіліне қарсы күш қолдану» бабы бойынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.