Жеңіл моторлы Cessna ұшағының апатынан кейін құтқарушылар оларды тапқанша, бес күн сол жерде күнелткен.
18 жастағы Нелли Мурильо жеңіл жарақаттанған. Құтқарушылар бұған таңданыстарын жасыра алмады. Ал бір жасар баласы Юдиэр Морено дін аман.
Екі моторлы ұшақ сенбіде Альто-Баудо муниципалитеті — Кибдо қаласы әкімшілік орталығынан елдің тынық мұхиты жағалауындағы Никиге ішкі рейспен ұшқан.
Ұшқыш Карлос Марио Себальос ормандағы апат кезінде қаза тапты. Бұо келеңсіз жағдайдың себептері әзірге белгісіз.
Қазір анасы мен баласы Кибдодағы ауруханада жатыр, деп хабарлады Би-би-си.