Жарияланды: 610

"Көмек" ЖШС Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің арналарын жөндеу жұмыстарының тендерін талаптарға сай келмейтініне қарамастан жеңіп алған

Алматы. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Көмек" ЖШС Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің арналарын жөндеу жұмыстарының тендерін талаптарға сай келмейтініне қарамастан жеңіп алған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Талаптарға сай келмейтін "Көмек" ЖШС сұранымын кері қайтарудың орнына "Қазселденқорғау" конкурстық комиссиясы олармен Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің арналарын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге келісім жасасқан", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Үлкен Алматы өзенінің арнасын тұрақтандыру бойынша ағымдық жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 18,5 млн теңге, Есентай өзеніне 10,8 млн теңге, ал Медеу шатқалындағы селден қорғайтын бөген жұмыстарына 1 млн теңге бөлінген. "Табиғат қорғау шараларына және Алматы қаласындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін бөлінген қаражаттың жұмсалу барысын тексеру барысында осы мемлекеттік мекемедегі мемлекеттік сатып алу процедурасы ҚР "Сыбайлас жемқорлық туралы" заңын бұза отырып жүргізілгені анықталды", - деп хабарлады Бас прокуратура. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін