«Көмектесіңдер»: Әйел адамның қолын тістеп, талап қойған ит елді шошытты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көмектесіңдер»: Әйел адамның қолын тістеп, талап қойған ит елді шошытты (ВИДЕО)

«Көмектесіңдер»: Әйел адамның қолын тістеп, талап қойған ит елді шошытты (ВИДЕО)

Желіде көше итінің әйел адамды аяғынан тістеп, талағысы келген қаңғыбас иттің видеосы тарады. Тұрғындар осы орайда заңды күшейтіп, көше иттерін атып тастауды сұраған, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 18 Сәуiр 2023
  • 126
Фото - Caravan.kz

Аталған видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда қаңғыбас иттің әйел адамның қолынан тістеп алған сәтін анық көруге болады.

«Көшеде мынандай иттерді ату керек. Ана еркек неге көмектеспеді әйел адамды ит талап жатса, қайта әйел адам көмектесіп жатыр. Ит әйелдің қолын зақымдаған қазіргі таңда ауыруханада жатыр», — деп жазған жазба авторы.

Желі қолданушылары видеоны көргеннен кейін зәре-құты қалмай, шошығандарын жазған.

«Мынадан кейін балаларды қалай есік алдына серуендеуге жібереміз?!», «Заңды күшейтіп, бұларды атпаса болмайды, адам талайды бұлар», «Масқара, ана еркек адам неге көмектеспейді» деп жазды олар.