«Көмектесіңдерші!»: Орыс жігіт сатып алған аяқ-киімнен ұйғырдың хатын тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көмектесіңдерші!»: Орыс жігіт сатып алған аяқ-киімнен ұйғырдың хатын тауып алды

«Көмектесіңдерші!»: Орыс жігіт сатып алған аяқ-киімнен ұйғырдың хатын тауып алды

Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Арслан Гибадуллин интернет-дүкен арқылы тапсырыс берген The North Face кроссовкалары ішінен көмек сұраған әлдебір хат тауып алғанын айтты.

  • 19 Қараша 2020
  • 432
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Бумага» порталына аталған пакеттің суретін жіберу арқылы хабардар етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Латын қарпімен жазылға хатта: «Көмектесіңіздерші! Мен Қытайдағы түрмеде отырмын. Өтінемін көмектесіңіз. Ұйғыр», делінген.

Санкт-Петербург тұрғынының айтуынша, ол «Traektoria» интернет-дүкеніне кроссовкаларға тапсырыс беріп, оларды 12 қарашада ЭМСК логистикалық компаниясының қоймасынан алып кеткен. Арслан кроссовкалардың пошта арқылы жеткізілген пакетте болғанын және стикердің оң жақ жоғарғы жағына жапсырылғанын түсіндірді.

Ресейлік The North Face ресми инстаграммында Гибадуллинге: «Бұл спам. Назар аудармаңыз. Сіздің хабарламаңыз үшін рақмет» деп жауап берген, бірақ кейінірек жазбаны өшіріп тастаған «Траектория» интернет-дүкенінде Гибадуллинге тапсырыстар қорапта немесе пакетпен келетінін айтты.ЭМСК қоймасындағылар да полицияға хабарласуға кеңес берген.

Арсланның өзі бұл оқиға әзіл емес екенін әрі оны көпшілікке жария ету керек деп санайды.


Дегенмен кейін The North Face «Біздің кез-келген өнім өндірісінде мәжбүрлі еңбек күші қолданбайтындығын және сіз сатып алған аяқ киім өндірісінде түрмедегі жұмыс күшінің қолданылмағанына біз сендіре аламыз. Сондай-ақ аяқ-кимідер қытайдан келмеген" деген ресми жауап берген.  

Соңғы жаңалықтар