«Алматы жылу» холдингі коммуналдық қызмет ақысын төлемеген заңды және жеке тұлғаларға қатаң жаза қолданбақ.
Мемлекеттік мекеме хабарлағандай, «Көрсетілген қызмет ақысын төлемей отырған азаматтардың иелігіндегі нысандарға ыстық су беру толық тоқтатылады және алдағы жылыту маусымында температуралық режим шектеледі».
Бұл шаралар жылу кешені алдындағы міндеттемелерін орындамай отырған, жылу ақысын айлап төлемейтіндерге бағытталған.