Жарияланды: 720

Коммуналдық шаруашылық саласындағы тәжірибемен танысу үшін Ресейлік ғалымдар Оңтүстік Қазақстан облысына келмек

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Су ресурсы - Маркетинг" ЖШС-нің коммуналдық шаруашылық саласындағы тәжірибесімен танысу үшін Ресейлік ғалымдар облысқа келмек. Бұл туралы KZ-today тілшісіне аталмыш серіктестіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ресей Федерациясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Академиясының президенті Виктор Пивоваров пен академияның бас ғылыми хатшысы, академик Борис Рейзин қалалық су шаруашылығы мекемесінің жұмыс тәжірибесімен танысу үшін шілде айында Шымкентке келмекші. Мұндай шешімді ресейлік танымал ғалымдар халықты сумен қамтамасыз ету мәселесіне арналған "Су арнасы-2003" атты халықаралық конференцияның жұмыс қорытындысымен танысу нәтижесінде қабылдаған көрінеді. Конференция маусымның 26 мен 28 аралығында Шымкентте өткен болатын. Бұл- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мұндай белді ғалымдардың облысқа алғаш келуі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть