Күтпеген жерден төбеден түскен жау елдің есін шығарып жіберген. Бірақ, бұл жат планеталықтар емес. Кәдімгі компьютердегі делебені қоздырар ойындар. Адамға аттандаған ойыншықтар кәдімгідей оқ атып, жер бетін жаулауға көшкен. Компьютерден тіріліп шыққан кесапаттың көзін құртуға тіпті қалың қолдың да шамасы жетпей, әскери техникалар да жарамай қалды.
-Существа напавшие на нас созданные из энергии. Наши пули или ракеты бесполезны!
Тек тісқаққан ойыншылар бұл соғысты жеңіп шықпақ. Ешқандай қару көмектеспейтін шайқасты олар арнайы ойынды ұтса ғана тоқтата алады екен. Бала кезден белгілі видеоойындармен бетпе-бет күресу басты кейіпкерлерге оңайға соқпайды. Өйткені, шалыс басса болғаны, қаскөйлер лезде жойып жіберуге даяр.
-Только не это! Валим! Он сейчас нас на пиксели разнесет
Бұған дейін түсірілген фантастикалық ешбір туындыға ұқсамайтын қиял-ғажайып оқиғаны «Sony», «Disney» студияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы ұсынып отыр.
Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының өкілі:
-Бұл сөзсіз отбасылық фильм. Балаға да, үлкенге де ұнайтыны анық. Онда спецэффекттер де, күлкілі жағдайлар да толы. Көрермендердің көңілінен шығады деген ойдамыз.
Туынды үлкен экранға енді шыққанына қарамастан, кинотеатрлар алдында халық лық толы. Ендеше сіз де бұл қызықтан құр қалмаңыз. Компьютерқұмар болсаңыз, міндетті түрде «Пиксели» фильмін қараңыз.