Конституциялық кеңес аралық соттың іс-қызметін қайта қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңес аралық соттың іс-қызметін қайта қарайды

Конституциялық кеңес аралық соттың іс-қызметін қайта қарайды

Астана. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Конституциялық кеңес Қазақстандағы аралық соттың іс-қызметіне қатысты қаулыны, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық институттардың бірігуіне салынған тыйымды алып тастауды қайта қарай бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 7 Ақпан 2008
  • 582
Фото - Caravan.kz

Қаулыда аралық соттың үндеулері сот қорғауы болып табылмайды, дау-таластарды аралық сотта қарастыру тек мемлекеттік сот тарапынан жүзеге асырылатын сот төрелігі түсінігіне кірмейді деп атап көрсетілген. Тіптен, аралық соттың шешімінен кейін тараптар дау-таластарды Қазақстанның сот органдарының қарауына жүгінуге құқылы. Аралық соттар мемлекеттік биліктің сот тармағының органы болып табылмайды, оларға тек тараптардың келісімі бойынша ғана жүгінуге болады.

«Қайта қараудың қажеттілігі «өткен жылдың мамыр айында мемлекет Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуіне байланысты» туындап отыр»,- деп хабарлады Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов.

«Конституциялық кеңес өздерінің бұрын қабылдаған қаулыларын Конституцияның жаңа редакциясына сәйкестендіруге қатысты жұмысты жалғастыруда»,- деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың 8-қарашасында Конституциялық кеңестің бірқатар қаулылары қайта қаралып, күші жойылған болатын. Отырысқа Жоғарғы соттың, парламент мәжілісінің, Әділет министрлігінің, Бас прокуратура мен Адам құқығы жөніндегі уәкілдің өкілдері қатысты.

«Жалпы отырысқа қатысқандар аралық сотты дамытуды қажеттігін айтты»,- деп атап көрсетті И. Рогов. «Жоғарғы сот пен мәжіліс өкілдерінің пайымдауынша, қаулының күшін толығымен жойып, мәселені ашық күйінде қалдыру керек, қажет болған жағдайда кеңес жаңа түсінік береді»,- деп қорытындылады Конституциялық кеңестің төрағасы. Басталған процесс одан әрі талдау жүргізуді және Конституциялық кеңестің қорытынды шешімін қайта қарауды қажет етеді. Бүгін кешке Конституциялық кеңес аталмыш мәселеге қатысты қорытынды шешімді жария етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті