Контрабандашылар Шу өзені арқылы Қырғызстанға спирт айдаған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Контрабандашылар Шу өзені арқылы Қырғызстанға спирт айдаған

Контрабандашылар Шу өзені арқылы Қырғызстанға спирт айдаған

Контрабандашылардың тапқырлығында шек жоқ. Қырғызстан Республикасының мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-мен байланыс бөлімі қырғыз шекарашылары мен кеденшілері Шу облысының «Токмок» шекара бекетінің жауапкершілігіне кіретін аймақта Шу өзенінің мемлекеттік шекара арқылы өтетін тұсында судың ішіне орнатылған шлангты тапты деп хабарлады. Ол арқылы Қазақстаннан Қырғызстанға контрабандалық спирт келіп отырған.

  • 16 Тамыз 2013
  • 1812
Фото - Caravan.kz


Теңіздің түбіне контрабандашылар шлангты бекіту үшін рельстің кесілген бөліктерін қойған. Шлангтың жалпы ұзындығы — 500 метр, диаметрі — 20 см. Осыған дейін Қырғызстан Республикасының мемлекеттік шекара қызметі Қырғызстанға жанар-жағармай материалдарын тасымалдайтын құбырдың табылғанын хабарлаған болатын.