Жарияланды: 40

Конвертке ақша салып кеткен: Толықтай бір көше тұрғындарына жұмбақ адам ерекше сыйлық тарту еткен

Конвертке ақша салып кеткен: Толықтай бір көше тұрғындарына жұмбақ адам ерекше сыйлық тарту еткен

Жапонияның Осака қаласындағы көше тұрғындарын пошта жәшіктеріне салынған белгісіз конверттер таңғалдырды. Олардың ішіне ақша салыныпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Бір көшенің тұрғындары пошта жәшіктерінен әртүрлі ақша сомасы салынға жұмбақ конверттерді тауып алған. Алғаш рет қоңыр конвертті бірнеше ай бұрын тұрғындардың бірі тапқан. Көп ұзамай көшенің басқа тұрғындары осы сияқты конверттерді ала бастаған. Тұрғындар келесі айда да түрлі конверттер тапқан.

Ақша салынған конферттер тар көшенің екі жағындағы тұрғындардың пошта жәшіктерінде салыныпты. Конверттерде бірнеше жүз иеннен (100 иен — 376 теңге) он мыңнан астам иенге (36 мың теңге) дейін әртүрлі ақша мөлшері болған. Бір тұрғынға салынға ақша 13 мың иен (48 мың теңгеден аса) болды.

Осылайша таратылған ақшаның жалпы сомасы 200 мың иеннен (750 мың теңгеден) асады және бұл тек полицияға алынған ақша туралы хабарланғандардың дерегіне сәйкес.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тұрғындар алынған ақшаны заңды түрде пайдалана алады және бұл туралы хабарламай-ақ қойса да болады. Алайда кейбіреулер мұндай сыйлыққа риза болса да, өздерін ыңғайсыз сезінетіндерін айтып, сондықтан полицияға жүгінуге шешім қабылдаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін