Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол өз ойын орыс тілінде еркін жеткізе алатынын, бірақ, тұтынушы оған мұрша бермей жағдай ушыққанын әңгімелеп берген.
«Мені көбінесе орысша білмейді деп жатыр. Әрине көпшіліктің аузына қақпақ бола алмаймыз. Орысша керемет сөйлеп, судырамасам да өз ойымды еркін жеткізе аламын. Ол жерде мен екі тілді жауап бергенмін. Бірақ ол кісінің агрессивті пікіріне жауап беру мүмкін болмады.
Біз қазақтар тілге, дінге, ұлтқа келгенде жайбарақат отыра алмайтынымызды, бірлігіміздің қандай екенін осы сәтте көрсете білдік деп ойлаймыз. Барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған сәт болды деп есептейміз.
Осындай кезде қолдау білдірген барлық қазақ азаматтарына алғысымды білдіремін», — деді ол.