Коронавирус: Данияда 2,5 миллион құндыз жойылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: Данияда 2,5 миллион құндыз жойылмақ

Коронавирус: Данияда 2,5 миллион құндыз жойылмақ

Данияның ветеринария қызмет мамандары құндыздарды жаппай жоюға кірісті. Олардың айтуынша, құндыздан коронавирус белгілері табылған.

  • 13 Қазан 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнда екі жарым миллион жануар туралы сөз болып отыр. Инфекция кем дегенде 63 аң терісін өндіретін фермалардан табылған. Тек сондағы жануарлар ғана емес, «қызыл» аймақтан сегіз шақырым радиуста ұсталған құндыздар да жойылады.

«Біздің өтемақы алуымыз керек», — дейді күзен өсіруші Фредериксен.

Сарапшылар жануарлардың коронавирусты қалай жұқтырғанын және бұл штамм адамға беріле ме, соны зерттеп жатыр. Инфекция маусымдық қызметкерлерді жалдау кезінде фермаларға енуі мүмкін деген болжам айтылды.


Айта кетсек, Дания – қымбат бағалы аң терісін әлемдегі ең ірі экспорттаушылардың бірі.

Соңғы жаңалықтар