"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды

Әлеуметтік желіде тағы бір танымал әнші-композитор қатысқан тойдың видеосы тарады.

  • 13 Сәуiр 2021
  • 127
Фото - Caravan.kz

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жарияланған үйлену тойының видеосы шынымен Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген болып шықты. Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров пен кафе "Қыз ұзату" ұйымдастырған.

"Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады.Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз", — деп уәде берді департамент өкілдері.


Соңғы жаңалықтар