Коронавирус: Жапонияның төрт префектурасы төтенше жағдай жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: Жапонияның төрт префектурасы төтенше жағдай жариялады

Коронавирус: Жапонияның төрт префектурасы төтенше жағдай жариялады

 

  • 1 Тамыз 2021
  • 1234
Фото - Caravan.kz

Жапонияның төрт префектурасы коронавирустың өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Бұған дейін Токиодағы төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылған болатын. Елде инфекция таралу көрсеткіші Олимпиада ойындары басталған соң күрт өсті. Парижде вакцинация мен санитариялық өткізу құжаттарына қарсы демонстрацияға қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданылды. Тәртіп сақшылары жиналғандарға тосқауыл қоюға тырысты, ішінара қақтығыстар болды, полиция шерудің арты тәртіпсіздіктерге ұласуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Ливандағы мейрамханалар мен жағажайлар 2 тамыздан бастап тек вакцинацияланған адамдарды қабылдайды. Жаңа ережелер 16 жастан асқан барлық азаматтарға қолданылады. Сондай-ақ, 2 тамыздан бастап туризм саласының барлық қызметкерлері жұмысқа тек QR-код көрсету арқылы шыға алады.



 

Соңғы жаңалықтар