"Коронавирус жоқ": Қайрат Нұртастың концерті желіде шу тудырды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Коронавирус жоқ": Қайрат Нұртастың концерті желіде шу тудырды (видео)

"Коронавирус жоқ": Қайрат Нұртастың концерті желіде шу тудырды (видео)


Қайрат Нұртас лық толы залда ән айтып жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 31 Желтоқсан 2021
  • 61
Фото - Caravan.kz


Көпшілік хитменнің Жаңа жылдық кеште концерт қойғанын жазған. Ал желі қолданушылары карантиндік талаптардың сақталмағанына таңырқап, әншінің әрекетін қызу талқыға салды.

"Коронавирус жоқ", "Мұнда бәрі "жасыл" ма?", "Ковид қайда кетті? Жалпы бомба", "Ауру тойға бармайды, тек сауда орталықтарында болады", "Бұларға сот жоқ", — деп жазды желідегілер.