Коронавирусқа байланысты ТЖ режимі 2021 жылдың мамырына дейін ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирусқа байланысты ТЖ режимі 2021 жылдың мамырына дейін ұзартылды

Коронавирусқа байланысты ТЖ режимі 2021 жылдың мамырына дейін ұзартылды

Коронавирусқа байланысты ТЖ режимі 2021 жылдың мамырына дейін ұзартылды.

  • 26 Қазан 2020
  • 1315
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Испания үкіметі коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдай режимін жариялады. Оны 2021 жылдың мамырына дейін созбақ.

Бұл шешім қатаң карантин шектеулерін енгізу үшін құқықтық базаны құру мақсатында қабылданған. Төтенше жағдай режимі кем дегенде екі аптаға созылады.

Оны ары қарай созу үшін, Испания конституциясына сәйкес, үкіметтің шешімі қажет. Премьер-министр Педро Санчестің сөзінше, ол үкімет төтенше жағдай режимін 9 мамырға дейін созуға рұқсат береді деген үмітте, себебі бүгінде "Еуропа мен Испания пандемияның екінші толқынының орталығы".

Пандемия басталғалы бері дүние жүзінде науқастар саны 43 миллионға жетті, оның ішінде, 1,1 миллион адам қайтыс болды. 31 миллионға жуық адам аурудан айыққан.


Соңғы жаңалықтар