«Адамдар көшелердің ескі атаулары бойынша құжаттарды алаңдамай пайдалана берулеріне болады»,- деді Э. Төлеубеков.
Оның сөздеріне сүйенсек бүгінде, тілдерді дамыту және мәдениет бөліміне Өскемен тұрғындарынан көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Тұрғындар қала көшелерінің атауы ауысқан жағдайда құжаттарды қайта рәсімдеуге қатысты шығындарды кімдер төлейтіндігін түсіндіруді сұрауда.
Э. Төлеубеков ономастикалық комиссияның осыған сәйкес облыстық әділет департаментіне сұраныс жібергендігін хабарлады. Берілген жауапта, тұрғын үйлері техникалық санақ бюросында тіркелгендердің алаңдамауына болатындығы айтылған. «Көшенің жаңа атауы бойынша құжаттар өздерінің жылжымайтын мүліктеріне қатысты қандай да бір келісім жасаушылар үшін ғана қажет»,- деп айтылған хатта. «Яғни, тұрғын үйді сату немесе сатып алу барысында ғана олардың иелеріне жаңа құжаттар беріледі және де үй кітабына қажетті өзгертулер енгізіледі»,- деп түсіндірді Э. Төлеубеков.
Сонымен қатар, ономастикалық комиссияның мүшесі Өскемендегі көшелердің атауын өзгерту мәселесі жөніндегі кесімді шешімді әлі ешкім қабалдаған жоқ, деп атап көрсетті.
Бұрындары хабарлағанымыздай, ономастикалық комиссияға Шығыс Қазақстан облысы орталығының негізгі көшелеріне бірқатар жаңа атаулар беру туралы өтініштер түскен. Ленин атындағы алаңды Республика алаңына, Ленин даңғылын — Тәуелсіздік даңғылына өзгертуге ұсыныс жасалған. Киров атындағы саябақ «Жастар» деген жаңа атауға ие болуы мүмкін, ал Пролетарская көшесіне Ришат және Мүслім Абдуллиндердің атын беруді ұсынған. Олар Қазақстан мәдениетінің дамуына үлкен үлестерін қосқан, Өскеменде туып-өскен ағалы-інілі әртістер. Сонымен қатар Өскемен көшелерінің біріне қазақ ғалымы, академик Қаныш Сәтпаевтың атын беруге шешім қабылданған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті