Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құқық пен тәртіпті қамтамасыз ету, елімізде заңсыз жүрген адамдарды, заңсыз көші-қон арналарын анықтау мақсатында 2007 жылдың 20 мен 24 желтоқсан аралығында ішкі істер органдары Қазақстан аумағында «Мигрант» профилактикалық операциясы өткізді.
Аталған шара барысында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 10446 шетелдік, оның ішінде 9916 адам ТМД және 530 адам алыс шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетел азаматтарын жұмысқа тартатын 1945 мекемелер мен ұйыдар тексерілді. Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 202 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктерді қабылдаушы, оларға елде болу ережелерін сақтауы туралы қызмет көрсетуді қамтамасыз етпегені үшін 1380 қазақстандық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іздестіруде жүрген 103 адам ұсталды, оның ішінде 92 Қазақстан азаматы, ТМД 10 және алыс шетелдің 1 азаматы. Қылмыстар жасағаны үшін ТМД-ның 14 азаматы ұсталынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті