Сонымен қатар, адам саудасымен айналысқан 22 күдікті ұсталды.
«Интерпол» мен Халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен жүргізілген арнайы операцияға 200-ге тарта полицей жұмылдырылды.
Азат етілген балалар Буркина-Фасо, Гвинея, Мали, сондай-ақ Кот-д'Ивуардың солтүстік бөлігінің тумалары екені хабарланды.
5-16 жастағы балаларды құлдықта ұстап келген. Олар плантацияда еңбекақысыз бірнеше сағат ауыр жағдайда жұмыс істеп келген. Балалар мектепке де бармаған.