"Көтере алмайтын шоқпарды белдеріңе байлап" нелерің бар?": Белгілі журналист "ақылды" әншілерді сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көтере алмайтын шоқпарды белдеріңе байлап" нелерің бар?": Белгілі журналист "ақылды" әншілерді сынап тастады

"Көтере алмайтын шоқпарды белдеріңе байлап" нелерің бар?": Белгілі журналист "ақылды" әншілерді сынап тастады

Белгілі журналист Арман Сқабылұлы өнер адамдарына неге күйінетінін жеткізді.

  • 12 Сәуiр 2020
  • 602
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Осы сіз әншілерді неге жек көресіз? Сірә, қорлығы өткен ғой!" деп пікір қалдырыпты біреу. Мен әншілерді жек көрмеймін. Қорлықтары да өткен жоқ. Өзім сыйлайтын, аузы дуалы,ақылды әңгіме айтатын әншілер де бар. Бірақ, кейде кейбір әншілердің ақыл айтамын деп таяздығын көрсетіп алатынына күйінемін. Шамаң жетпесе әніңді айт та, ақыл айтатын жерден аулақ жүр. Жоқ, бұларға эфир берсең елдің тағдырын шешіп тастайтындай жұлқынып әңгіме айтады. Өткенде "коронавирус деген бос әңгіме" деп сандырақтап біреуі шықты. Кеше біреуі "әлемде 5000 мемлекет бар" айды аспанға шығарды. Айналайындар-ау, "көтере алмайтын шоқпарды белдеріңе байлап" нелерің бар? Білесіңдер ме, сексенінші жылдары тв мен радиоға Бибігүлдер мен Розалардың деңгейіндегі әншілер ғана кіріп, сұхбат бере алатын. Олардың өзі елге ақыл айтудан жүрексінетін. Олар халықтың сыншы екенін жақсы түсінетін. Өздерін халықтан жоғары қоймайтын. Ал, сендер…
Сөзім жоқ!

Соңғы жаңалықтар