«Мәскеу Донецк және Луганск облыстары тұрғындарының талап-тілегіне құрметпен қарайды және референдум нәтижелері зорлық-зомбылықсыз, өркениетті түрде, Киев, Донецк пен Луганск өкілдерінің диалогы арқылы жүзеге асырылады деп сенеді», — делінген РФ президенті баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Дауыс беруге қанша тосқауыл қойылса да референдумға көп халық қатысқанын атап өткіміз келеді. Бейбіт тұрғындарға қарсы ауыр қару пайдаланып, адам өліміне әкеп соқтырған оқиғаларды қатаң сынға аламыз», — делінген хабарламада.