«Ксеll» абоненттерге 1,5 млрд.-тан астам теңгені қайтарады - ҰЭМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ксеll» абоненттерге 1,5 млрд.-тан астам теңгені қайтарады - ҰЭМ

«Ксеll» абоненттерге 1,5 млрд.-тан астам теңгені қайтарады - ҰЭМ

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті атынан

  • 21 Шiлде 2015
  • 403
Фото - Caravan.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау қорытындысы бойынша «Ксеll» АҚ-ға бәсекелестік заңнаманы бұзу нәтижесінде алынған ақшалай қаражатты абоненттерге қайтару туралы нұсқама шығарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Соттардың, оның ішінде ҚР Жоғарғы сотының қарау қорытындысы бойынша, аталған нұсқама заңды және негізді деп танылды.

Ағымдағы айда «Ксеll» АҚ тұтынушыларға 2012 жыл — 2013 жылдың 9 айы кезеңінде абонент үшін кез келген қолайлы тәсілмен (заттай мәнде, теңгерім) сомасы 1,5 млрд. теңгеден асатын ақшалай қаражатты қайтаруды бастайды.
Бұл ретте, «Ксеll» АҚ әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп, өз абоненттеріне 2013 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі (монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық орын алған) кезең үшін ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтаратынын хабарлады.