“К*тіңді қысып, қазақ тілінде оқисың деді”: Орыс қызы қалай орыс сыныбына ауысып кете жаздағанын айтып күлдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“К*тіңді қысып, қазақ тілінде оқисың деді”: Орыс қызы қалай орыс сыныбына ауысып кете жаздағанын айтып күлдірді

“К*тіңді қысып, қазақ тілінде оқисың деді”: Орыс қызы қалай орыс сыныбына ауысып кете жаздағанын айтып күлдірді

Блогер Мария мектепті қазақ тілінде бітірген. Тик ток желісіндегі қазақ тіліне байланысты басынан өткен жайттармен бөліседі.

  • 19 Наурыз 2024
  • 9617
Видеодан скрин

Жаңа видеосында ол оны орыс сыныбында ауыстыруға тырысқандар туралы айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Сол кезде бізде орыс сыныптары болған жоқ. Бірақ, бізден бір жылға төмен сыныпқа орыс сыныбын ашты. Менің анама "орыс сыныбына ауыстырыңдар, қазақша оқуы қиын болады. Қазақша ҰБТ-ны қалай тапсырады" деген сияқты үгіттеу жүрді. Бірақ анам маған "к*тіңді қысып, қазақ тілінде оқисың" деді. Шыны керек, өзім қорықтым. ҰБТ қиын болады ау деп ойладым. Бірақ анамның арқасында 12 жыл қазақ мектебінде оқыдым. Мектепті қызылға бітіріп, ҰБТ да жақсы тапсырдым. Оқуға да грантқа түскенмін", — деді блогер.