КТК арнасының тілшісі Жәудір Оразханова Мәжіліс төрағасының қолынан Алғыс хат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК арнасының тілшісі Жәудір Оразханова Мәжіліс төрағасының қолынан Алғыс хат алды

КТК арнасының тілшісі Жәудір Оразханова Мәжіліс төрағасының қолынан Алғыс хат алды

КТК телеарнасының журналисі Жәудір Оразханова Мәжіліс төрағасының қолынан Алғыс хат алды. 

  • 24 Маусым 2015
  • 1018
Фото - Caravan.kz

Журналистер күніне орай,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов  КТК телеарнасы жаңалықтар қызметінің тілшісі Жәудір Оразхановаға Алғыс хат табыс етті.  

Бұл марапат Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші сессиясы жұмысын көрсетуге белсене араласқаны үшін, сонымен қатар, парламентаризмнің жалпы қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін  берілді.  


КТК телеарнасының Бас директоры Қанат Сахариянов пен жаңалықтар тілшісі Жәудір Оразханова

Айта кету керек, кеше КТК арнасының тағы бір журналисі  Жадыра Сейдеш «Жүрекжарды» бағдарламасының циклі үшін телевизиялық жұмыс номинациясында 2015 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған болатын.