Жарияланды: 530

КТК мұнай құбырымен 2003-жыл басынан бері дүниежүзілік рынокқа 19,5 млн. тонна мұнай жөнелтілді

8-шілдедегі жағдаймен Каспий құбыр жүйесі консорциумы (КТК) дүниежүзілік рынокқа 19,5 млн. тонна мұнай жөнелтті. Биылғы жыл басынан бері жөнелтілген мұнай көлемі 7,5 млн. тоннаны құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мәскеудегі КТК баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазіргі таңда КТК жүйесі арқылы бес компанияның мұнайы тасымалдануда. Ай сайын айдалатын мұнай көлемі барған сайын артып, бүгінде 1,2-1,3 млн. тоннаны құрап отыр. КТК "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясымен мұнай тасымалы жөніндегі келісімге қол қойған. КТК-ның бірқатар акционерлерімен аффилиирлік байланыстағы жүк жіберуші болып табылатын бұл компания Қазақстандағы Қарашығанақ газ конденсаты кенішінен шығарылған көмірсутегі шикізатымен қамтамасыз етеді. Қарашығанақтан шығарылған көмірсутегі шикізаты Каспий құбыр жүйесіне алдағы екі айда жеткізіледі деп күтілуде. КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия - 24%, Қазақстан - 19%, Оман Сұлтандығы - 7%. Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани - 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. - 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани - 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. - 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. - 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС - 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС - 1,75%.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть